+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар енгізілді

2020 жылғы 4 сәуір 11:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 58 мыңнан асты Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді

Еліміздің Сауда министрлігінің дерегінше, бүгінгі күннен бастап мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленді: 1) бірінші сортты бидай ұны, 2) бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), 3) макарон өнімдері (өлшеніп салынатын), 4) қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), 5) тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), 6) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), 7) тауық жұмыртқасы (I санатты), 8) күнбағыс майы, 9) ас тұзы («экстра»-дан басқа).

«Соңғы айда Қазақстанның азық-түлік тауарларына деген сұранысын талдау нәтижесінде бұл тауарлар ең көп сатып алынатыны анықталды. Соған байланысты, осы жылдың басынан бастап дәл сол азық-түлік бағасы өсті. Бағалар әр аймаққа жеке белгіленеді. Нұр-Сұлтан қаласында 1-ші сұрыпты ұннан 1 келі нан ең көп дегенде 150 теңге, Алматыда – 146 теңге, Шымкент қаласында – 146 теңге тұратын болады. Өңірлерде: Маңғыстау облысында – бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында – 147, Атырау облысында – 164, Ақмола облысында – 160, Қостанай облысында – 139, Қызылорда облысында – 143, БҚО – 160, ШҚО – 150, Павлодар облысында – 161, СҚО – 120, Алматы облысында – 144, Жамбыл облысында – 138, Түркістан облысында – 148. Қарағанды облысында шекті бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда 1 кг нанның құны 142 теңгеден 160 теңгеге дейін», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның атап өтуінше, баға бір келі нан үшін белгіленген. Бірақ, бір бөлке нан – 550 грамм. Осылайша, нан бөлкесінің құны, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында – 82,5 теңгеден, Алматы және Шымкент қалаларында – 80,3 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттыру 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл түрінде жазаға әкеп соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT