+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

2019 жылғы 28 қазан 14:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар адамдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының 55 түрінің 24-іне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Техникалық оңалту құралдарының қалған 31 түрі 2020 жылғы шілдеге дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Мүгедектектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге протездік-ортопедиялық, дыбыстық-техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ мүгедектік арбаларды беру жатады.

Ал арнаулы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметтері жатады.

«Бүгінгі күні техникалық оңалту құралдары және аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Бұл процедураларды жүргізудің ұзақтығына байланысты қызметтер алуға мүгедектік күнінен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Мүгедектігі бар адамдар тендер жүйесі оларға мүлдем келмейтіндігін айтады. Олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың нашарлығына жыл сайын шағымданады.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағы бойынша әлеуметтік қызметтер порталын енгізуге ниетті. Бұл, техникалық оңалту құралдарын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген баспасөз баянында.

Портал пилоттық режімде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда.

«Әлеуметтік қызмет порталының нәтижесінде біз баламызды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарына орналастыра алдық. Портал өте ыңғайлы екен: біз өтінім беріп, оған ЭЦҚ арқылы қол қойдық. Сонымен қатар, уақытымыз үнемделді», - дейді қызмет алушы Ғабит Жүкетаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT