Қазақстанда әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдар саны 334-ке жетті - Статистика

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтырғы жылы Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі 334 ұйым есепке алынды. Соның ішінде стационарлық үлгідегі ұйымдар саны 221 болса, жартылай стационарлық үлгідегі - 57, сондай-ақ 56 уақытша болу ұйымы бар. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.

Ұйымдардың барлық ғимараттары электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етілсе, кәріз - 312-інде (93,4 пайыз) және су құбыры - 304-інде (91 пайыз), және орталықтан жылыту - 180-інде (53,9 пайызында) қамтылған.

«Былтырғы жыл соңына осы ұйымдарда тұратындар саны - 44 410 адамды құрады, оның ішінде арнаулы стационарлық үлгідегі ұйымдарында - 29 572 адам (66,6%), жартылай стационарлық үлгідегі - 10 933 адам (24,6%), уақытша ұйымдарда - 3 905 адам (8,8%) болды. Ал онда қызмет көрсетілетіндердің жалпы санынан жасы бойынша зейнеткерлер 12 215 адам (27,5%), Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер - 209 адам (0,5%), жалғыз басты туысы жоқтар - 7 708 адамды (17,3%) құраған. Сонымен қатар, бұндай орындарда белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар саны - 2 821 адам (6,3%), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар - 113 адам (0,2%) және ақылы шарттарда тұратын - 1 028 адам (2,3%) тіркелген. Ал мүгедектердің саны 21 801 адамды құрады, соның ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер - 3 733 адам (17,1%), психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектер - 16 376 адамды (75,1%) құраған», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар