Қазақстанда әлеуметтік фитнес-залдар пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Алматы қаласындағы №5 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, Президент Жолдауындағы денсаулық сақтау саласындағы негізгі міндеттер туралы әңгімелесті. Бүл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Оның ойынша, Президент Жолдауда медициналық қызметкерлердің кәсібилігін арттыруды  басты міндеттердің бірі ретінде белгілеген.

«Көптеген азаматтар жергілікті дәрігерлерге сенім білдірмей, сол үшін шетелге емделуге барады дегенде, жүрегің ауырады. Біздің дәрігерлеріміз батыстағы әріптестерінен қалыспауы тиіс. Олардың инновациялары бар, біз де заманға сай алға басуымыз керек. Мен біздің дәрігерлерімізді кәсіби деңгейін арттыруға шақырамын. Азаматтарымыздың денсаулығы соған байланысты», - деді Мәжіліс депутаты О.Өксікбаев.

Ол сондай-ақ, ұлтты сауықтыру үшін еліміздің барлық аймақтарында әлеуметтік фитнес-залдар па да болатынын атап өтті.

«Президент азаматтарымыз дене шынықтырумен айналысуы үшін барлық жағдай жасауды тапсырды. Алдағы екі жылда 100-ден астам сауықтыру кешені салынады. Салауатты өмір салтына кешенді түрде жүруіміз керек. Денсаулық сақтауға шығынды өсіріп қана қоймай, сонымен бірге, оның алдын алуымыз да қажет», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар