Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Бірінен кейін бірі келетін циклондар мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында.  

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде нормадан 1-3 градус төмен, ал қалған аумақтарда 3-5 градус жоғары болады. 

Соңғы жаңалықтар