Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер алдағы үш күнге, 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«2 шілдеде батыста, 3 шілде солтүстік-батыста, 4 шілде оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Дауыл соғып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында ауа райы салқын болады», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар