Қазақстанда алдағы он жылда 239 жаңа мамандық пайда болады
2022 жылғы 13 тамыз 18:58

Қазақстанда алдағы он жылда 239 жаңа мамандық пайда болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған кешенді жоспарда алдағы 5-10 жылға жасалған болжамдар бар. Оған сәйкес, экономиканың 9 саласы бойынша 239 жаңа мамандық пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа технологиялардың шығу қарқыны артып келеді. Жасанды интеллект, робот құрастыру сияқты процестер қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Нәтижесінде еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болады. Алдын ала сараптама бойынша, Қазақстанда алдағы 5-10 жылда экономиканың 9 саласы бойынша 239 жаңа мамандық пайда боламақ. Ал, бүгінде бар 95 мамандықтың жұмыс форматы мен бағыты өзгереді. Сондай-ақ, елдегі жұмыс орындарының 52 пайызы автоматтандырылады», - делінген ведомствоның ғылыми зерттеуге негізделген болжамында.

Құзырлы орган алдығы 10 жылда нарықта қажет болатын жаңа мамандарды даярлау үшін жағдай жасалатынын мәлім етті. Ол үшін дәстүрлі білім беру бағытын өзгертіп, жастарды заманауи технологиялар нарығына икемдей отыра оқытуды ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік еліміздегі 55 жастан асқан әйелдердің 24 пайызының табысы жоқ екенін мәлімдеп еді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT