Қазақстанда алдағы демалыста 36 градусқа дейін күн ысиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты, тыныш және құрғақ ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде климаттық нормадан 8....16 °С, күндіз 25...33°С жоғары, Батыс және оңтүстікте 28...36 °С жоғары болады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауып, найзағай онайды. Кейбір жерлер де бұршақ жаууы мүмкін.

«15 мамырда Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 жылы болады.16 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 жылы «, - деп хабарлады « Қазгидромет» РМК.

Аптаның басында мегаполисте жауын шашын күтілмейді. Күн ашық болады. Ауа температурасы 23-25 ыстық болады.


Соңғы жаңалықтар