Қазақстанда алдағы демалыс күндерінде ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанның 22-24 маусым күндеріндегі ауа райы мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«21 маусым күні астрономиялық жаз жаз басталды. Ауа райы да соған сәйкес келеді. Батыс және оңтүстік облыстарда антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз, ыстық болады, күндіз термометр көрсеткіші 32...39°С-ге дейін көтеріледі, кей жерлерде +40...43°С. Басқа аймақтарда атмосфералық бағыт республиканың шығыс бөлігі арқылы жылжыса да, олардың ықпалы әлсірейді», - делінген хабарламада.

Өткінші жауын-шашын еліміздің кей жерлерінде ғана болады. Температура орташа деңгейде болса да, дүйсенбі күні күндіз ол 23 ... 28, кей жерлерде 30 ... 35 ° С-қа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар