+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстанда ақылы жолдардан жылда қанша қаржы жиналатыны жарияланды

2019 жылғы 22 қазан 10:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ақылы жолдардан жылда қанша қаржы жиналатыны жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы жолдардан жыл сайын жиналатын қаржы 4 млрд теңгеден асты.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 7 мыңнан астам шетелдік көлік халықаралық жүктерді заңсыз тасымалдаған Елордада Стратегиялық бастамалар форумы өтті Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Бұл туралы Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асу барысын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2013 жылы ұзақтығы 211 шақырым болатын «Нұр-Сұлтан – Щучинск» алғашқы ақылы автожолы қолданысқа енгізілді, сол учаскеде жылына 1 млрд теңгеден астам қаражат жиналады, ол осы учаскені күтіп ұстау шығынының орнын толтырады. Қазіргі уақытта, ақылы жолдардың ұзақтығы 682 шақырымға дейін артты («Нұр-Сұлтан – Щучинск» (211 км), «Нұр-Сұлтан – Теміртау» (134 км), «Алматы – Қапшағай» (42 км), «Алматы – Қорғас» (295 км) және жыл сайынғы жиналатын қаражат 4 млрд теңгеден астам болады. Бұл осы ақылы учаскелерді күтіп ұстауда бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, автожолды пайдаланушыларға сапалы жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы 1 822 нысанның 1 мыңы Ұлттық стандартқа сәйкестендірілді. Бюджет және жеке капитал есебінен қосымша 73 нысан салынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта одан әрі жүргізілетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT