Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Қазақстанда ақылы жолдардан жыл сайын 30 млрд. теңге жиналады

2017 жылғы 16 ақпан 12:24 56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ақылы жолдардан жыл сайын 30 млрд. теңге жиналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджетіне ақылы жолдардан жыл сайын 30 млрд. теңге түседі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылға қарай 6 мың шақырым республикалық жолдарда кезең-кезеңмен ақылы жүйе енгізіледі, бұл өз кезегінде жыл сайын 30 млрд. теңгеге жуық қаржы жинауға мүмкіндік береді. Оның ішінде 2017 жылы 700 шақырым  жол ақылы болады»,-деді Скляр.

Оның сөзінше, 2017 жылы республикалық бюджет есебінен Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай, сондай-ақ Дүниежүзілік банк займдары есебінен Алматы-Қорғас учаскелерінде ақы қабылдайтын жүйелер орнату көзделіп отыр. Жүйені сынақтан өткізу үшін биыл оны қараша айында іске қосу жоспарланып отыр.

Министрлік мәліметіне қарағанда, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Биыл Бейнеу-Ақтау (230  шақырым), Алматы-Талдықорған (24 шақырым), сонымен қатар Астана-Павлодар (232  шақырым) автожолының жекелеген учаскелері, Орал-Каменка (50), Ақтөбе-Атырау (26), Қордай асуын айналып өтетін жол (40 шақырым)  толық аяқталады.

Бюджет қаржысы есебінен 1 мың шақырымнан асатын  жаңа 8 жобаны бастау көзделіп отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT