+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

2021 жылғы 25 шілде 11:40
Бөлісіңіз:
Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл елімізде ақылы жолдардың саны артады. Ақылы болатын жаңа жол бағыттары туралы «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ-ның ақылы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Ещанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды Алматыда Күдерин көшесі жабылады

«Бүгінгі таңда елімізде 4 ақылы автожол бар. Олар: «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай», «Нұр-Сұлтан-Теміртау» және «Нұр-Сұлтан-Щучье» бағытындағы жол. Баға туралы айтсақ, жеңіл көліктерге шақырымына 1 теңге, ал салмағы 15 тоннадан асатын жүк көліктері әр шақырым үшін 25 теңге төлейді. Тариф 2013 жылы бекітілді, содан бері жол бағасы өзгерген жоқ. Биыл ақылы болатын жолдарға да осы тариф сақталады. Яғни жоспарда тарифті өзгерту мәселесі тұрған жоқ. Жол бекеттерінде ақы төлеудің 20-дан астам әдісі бар. Төлеу бекеттерінде қолма-қол ақша арқылы, алдын ала екінші дәрежелі банктердің қосымшалары, терминал мен SMS арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ біздің компаниямыздың арнайы мобильді қосымшасы да бар. Онда барлық бағыт бойынша төлемді алдын ала есептеп шығаруға болады», - деді А. Ещанов «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ ұйымдастырған баспасөз туры барысында.

Одан бөлек, компания өкілі биыл ақылы болатын автокөлік жолдары туралы айтты.

«Биыл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағытындағы жол учаскелері ақылы болады. Атап айтқанда, «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Қызылорда», «Тараз-Қайнар», «Тараз-Шымкент», «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Қапшағай-Талдықорған» бағытындағы жолдар. Бұл бағыттардың бағасы да бекітілген тарифке сәйкес жүзеге асырылады. Тұрғындар тарапынан жол ақысына қатысты сұрақ туындаса, біздің 1403 call-орталығына хабарласуға болады», - дейді ол.

Айта кетейік, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш - Приозерск – Бурылбайтал - Шу – Алматы аймақтарындағы жолдардың салыну барысын таныстырып, көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT