Қазақстанда ақтау үкімдері Германия көрсеткішімен теңесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ақтау үкімдерінің пайызы Германия көрсеткішімен теңесті. Бұл туралы бүгін  республикалық судьялардың кеңейтілген кеңесінде  ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокурордың атынан мемлекет айыптауларындағы ақтауларлар жайында айтайық. Міне, дәл осы прокурор айыптаушы болатын істерге ақтау үкімдерінің күрт өсімі 4 есеге жетіп отыр. 2017 жылы 28, ал ағымдағы жылы 101 адам  ақталды. Дегенмен, бұл жәй әншейін цифрлар ғана. Мұнан да терең бойлау қажет. Өткен жылы негізінен ақтаулар жат қылықтар мен аса ауыр емес қылмыстар есебінен болды. Ал ағымдағы жылы негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар есебінен орын алды»,-  деді Жоғарғы сот төрағасы.

Еліміздің бас судьясының дерегінше, осы жылдың 1 жартыжылдығында 14 мың үкім шығарылған. Бірақ, оның жартысында ешқандай мәселелер туындамайды. Себебі сотталушы белгіленген кінәсін мойындап, жазамен келіседі.

«Сонда қалғаны 7328 үкім болса, оның 101-і  ақтау үкімі, яғни, 1,4 пайызды құрайды. Бұл 1,2 пайызына ақтау үкімін шығаратын Германия соттары жұмысының көрсеткіштерімен сай келеді», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар