Қазақстанда АИТВ инфекциясын жұқтырған 30 558 адам бар – Ажар Ғиният

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша елде АИТВ-мен өмір сүретін 30 558 адам тұрады. Үкімет отырысында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша елде АИТВ-мен өмір сүретін 30 558 адам тұрады. Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. Бұл ретте еркектер (67,2%) әйелдерге (32,8%) қарағанда 2 есе көп анықталды. 82%-ы 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халыққа тиесілі. Жыныстық жолмен берілу басым. Ол 75%-ды құрайды. Одан кейін инъекциялық жолмен беріледі. Оның көлемі -20%», - деді Ажар Ғиният.

Министр мәлімдегендей, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық 2 есеге артты.


Соңғы жаңалықтар