+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда агротуризмді дамыту моделі әзірленеді

2020 жылғы 28 шілде 18:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда агротуризмді дамыту моделі әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев елде агротуризмді дамыту моделін әзірлеу үшін далалық зерттеу жұмыстары басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді Медициналық сақтандыру қоры пациент құқығын қорғауға бағытталған 6 әдісті атады Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

«Осы айда Қазақстанда агротуризмді дамыту моделін әзірлеу бойынша далалық зерттеу жұмыстарын бастаймыз. Осы жұмыс аясында туризмнің осынау әлеуеті зор саласын дамытуға қатысты оңтайлы амал-әдістер ұсынылады. Алматы, Ақмола, Түркістан облыстарында қазір бұл саланы байытатын шаруашылық түрлері өте көп. Мәселен ара шаруашылығы, бақтар, үлкен фермалар негізінде өте көрікті туристік өнімдерді шығаруға болады», - деді Ержан Еркінбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Компания басшысы дәл осындай зерттеу жұмыстары шипажайлық-курорттық нысандарда да жүргізілетінін атап өтті. Осылайша, елдегі курорттарды танымал ете түсер ұсыныстар әзірленбек.

«Қазіргі уақытта елде 145 шипажайлық-курорттық нысан бар. Бірақ, өкінішке қарай олардың жұмыс реті советтік кезеңді еске түсіреді. Қызмет сапасы дами қоймаған. Қазіргі уақытта осы саладағы түйткілді мәселелерді зерттеп, шетелден сұранысты арттырғымыз келеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT