+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жетті

2019 жылғы 6 қараша 17:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд долларға жетті. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңес отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 1,4 есе өсіп, 3,1 трлн теңгеден 4,5 трлн теңге дейін, ал азық-түлік өнімдері 1,1 трлн теңгеден 1,6 трлн теңге дейін жетті. Бұл ретте агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсім қарқыны шамамен 20 пайыз болды. АӨК өнімдерінің экспорты 15 пайызға артып, 3 млрд долларға жетті. Импорт - 17 пайызға төмендеді. Яғни 2014 жылғы 4,5 млрд доллардан биыл 3,5 млрд долларға дейін азайды», - деді министр.

Осы орайда ол азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі фитосанитарлық, ветеринарлық және санитарлық шаралар, техникалық реттеу арқылы реттелетінін айтты.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлік тағамдарын өндіру азық-түлік қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі екенін атап өткен жөн. Министрлік функционалды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жеке дара шешуге мүмкіндік бермейді. Экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін халықтың табысын арттыру, сату нарықтары мен логистика мәселелерін кешенді шешу қажет», - деді С.Омаров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT