Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру екі есе артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл агроөнеркәсіп кешенінде қаржыландыру екі есе артты. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл агроөнеркәсіп кешенінде қаржыландыруды екі есеге арттырдық. Соның нәтижесінде, 10 айдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі нақты көрсеткіш бойынша 8 пайыз өсім болғанын көріп отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция нақты мәнде 7,5 пайызға өскенін айтты.

«Орта мерзімді перспективада біз агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 2,5 трлн теңгені құрайтын 560 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олар р азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады», - деді Премьер-Министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ә. Смайылов жаңа жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп өнімінің көлемін 10,5 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Шамамен 4,4 триллион теңгеге импортты алмастыру жүргізіледі және 6,1 трлн теңгеге экспорт көлемі өседі.


Соңғы жаңалықтар