+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстанда адвокаттар саны артты

2020 жылғы 17 қаңтар 15:47
Бөлісіңіз:
Қазақстанда адвокаттар саны артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда адвокаттар саны артты. Бұл туралы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейінгі брифингте осы ведомствоның басшысы Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, адвокаттар әлі де жеткіліксіз. Егер де Англияда бір адвокатқа 800 адам тиесілі болса, Ресейде – 1900, ал бізде заң қабылданғанға дейін бір адвокатқа шаққанда орташа есеппен 3900 адамнан келді. Жалпы, 4 700 қорғаушы болды», - деді Бекетаев.

Осы орайда, ол қорғауға мұқтаж адамдарға тегін адвокаттарды мемлекет тарапынан ұсынудың төмен сапасы байқалып отырғандығын атап өтті.

«Бұл нені білдіреді? Адамдар адвокат іздей келе, біреуін табады. Алайда тапшылық бар салада сапа да төмен болады, сәйкесінше осы адвокаттарға жүктемеде көп екенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, адвокатура клиенттерінің бірі - ол мемлекет. Бұл тұрғыда қорғаушыға ақшасы жоқ азаматтар үшін мемлекет жалдайды. Осы салада мемлекет кадр тапшылығы мәселесіне тап болуда, яғни жұмыс істеп жүрген адвокаттарды ғана қызметке тартады», - деді М. Бекетаев.

Оның атап өтуінше, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң қабылданғаннан кейін жағдай біршама жақсарды.

«Заң қабылданғаннан кейін адвокаттар саны күрт артты. Осы орайда жағдай жақсаруда, олар өзара бәсекелестікке түсіп жатыр», - деді Әділет министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT