+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Қазақстанда адамның қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді

2020 жылғы 20 қазан 10:48
Бөлісіңіз:
Қазақстанда адамның қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда адамның қайтыс болғаны туралы куәлікті алу процестері жеңілдеді. Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Әкімшілігінде қызмет еткен кезде - пандемия уақытында Президент мәйітханалардың жанында көптеген адамдар жиналғанына назар аударды. Біз оның тапсырмасы бойынша талқылап, істің мән-жайын анықтадық. Мекемелер арасындағы бюрократияға байланысты қайтыс болғаны туралы куәлік алудың күрделі процестері бар. Осы процесті өзгерту үшін мен оны электрондық жүйеге ауыстыру бастамасын көтердім», - деді министр.

Оның хабарлауынша, барлық мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ және ҚР БП ҚСжАЕК) толық интеграциялауды жедел түрде пысықтаған. Енді қайтыс болғаны туралы куәлікті алу бойынша күрделі процестің орнына eGov.kz порталдан бір анықтаманы алуға болады. Бұл сервис бірден бірнеше анықтаманы жояды.

«Өкінішке қарай, пандемия кезінде көпшілігіміз осы жағдайға тап болдық. Біздің міндетіміз осындай қиын кезеңде қажеті жоқ жүруді жеңілдету болды. Мұндай процестерді автоматтандыру маңызды. Сондықтан біз қағазбастылықты барынша азайтып, барлығын онлайн режимге көшіруді жалғастырамыз», - деп жазды Бағдат Мусин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT