Қазақстанда адам сату мәселесімен күрес қалай жүруде – маман пікірі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев елімізде адам саудасы мәселесімен күрестің қалай жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, әлемдегі адам саудасының мәселелері бойынша АҚШ жыл сайын баяндама дайындайды. Осы баяндамаға сәйкес, Қазақстанда адам саудасымен күресу жолдары нашар, адам саудасының көптеген құрбандары арнаулы әлеуметтік көмекті ала алмайды делінген. Сонымен бірге, біздің елімізді бақылау тізіміне енгізіп қойған болатын. Сол себепті, соңғы жылдары белсенді жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде еліміз АҚШ баяндамасының бақылау тізімінен алынып, екінші санатқа өткізілді. Яғни, бұл бағытта жұмыс жақсарып келе жатыр деген сөз. Ал бірінші санатқа бүгінде 28 ел кіреді. Олардың көбі дамыған елдер», - деді Т.Әбішев.

Естеріңізге салсақ, бүгін Алматыда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты арнайы талдамалық баяндамасының таныстырылымы өткенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар