Қазақстанда адам мүшелерін тасымалдаған ұйымның жолы кесілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев Қазақстандағы адам саудасы қылмысының тергелу барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық тұрғын адам саудасының құрбаны болады. Жыл сайын адам саудасына қатысты 180-ге жуық іс қозғалады. Мұндай қылмыс карантин кезінде де тіркеліп жатты және одан қазақстандықтар да, шетел азаматтары да зардап шегеді. Зардап шеккен шетелдіктер арасында Орталық Азия елдерінің азаматтары көп», - деді департамент басшысы министрлік ұйымдастырған апталық брифингте.

Сонымен бірге, өткен жылы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекеті әшкереленген.

«Соңғы жылдары шетелге сексуалдық құлдыққа 15 адамның шығарылғаны анықталды. Өткен жылы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекеті кесілді. Оның бірі адам мүшелерін тасымалдауды ұйымдастырған, ал екіншісі – жезөкшелікті ұйымдастырып, жеңгейтайлықпен айналысқан. Соңғы жылдары біздің азаматтарды Бахрейнге, Түркияға және Оңтүстік Кореяға сексуалдық құлдыққа апару каналдары кесілді. Бізде сыртқы және ішкі адам трафигі мәселелері кезігеді», - деді Думан Таев.

Айта кетейік, Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр.



Соңғы жаңалықтар