+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қазақстанда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қайта оқытылады

2020 жылғы 19 қазан 20:58
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қайта оқытылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қос азаматтығы бар мемқызметшілерді жұмыстан босату туралы заң жобасы мақұлданды

Курсты Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев Университеті ұйымдастырып отыр.

Бағдарламаға мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі тәсілдерін және басқа да бірқатар басым мәселелерді өзгерту бойынша алдына маңызды міндеттер қойылған тәжірибелі, қалыптасқан ірі құрылымдардың басшылары қатысуда.

Агенттік төрағасы Анар Жайылғанованың айтуынша, аталған курс ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғам қажеттіліктеріне бағытталған заманауи мемлекеттік аппарат талаптарына жауап беретін басшыларды даярлау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

«Стратегиялық көшбасшылық, өзгерістерді басқару және тиімді коммуникациялар сынды құзыреттер Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді жедел және сапалы шешу үшін маңызды. Әсіресе, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігі мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жағдайында өте өзекті. Мемлекеттік басқару мен қоғамдық дамудағы жүйелі өзгерістердің заманауи трендтері мен жоғары қарқыны елдің стратегиялық міндеттерін тиімді шешу үшін инновациялық және инклюзивті ойлау қабілеті бар басшылардың жаңа буынын қалыптастыруды талап етеді», - дейді Анар Жайылғанова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT