Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 986 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсалық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңесте Денсалық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін Қазақстанда 986 оқушы КВИ жұқтырған, кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелген. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.

«Онлайн оқитын оқушылар арасындағы сырқат деңгейі жоғары – 698 бала. Оқу жылының басында қалыпты режимде оқуға шектеу қойылды, соның арқасында 6 мыңнан астам баланың індет жұқтырған оқушылармен байланысын және 600 жуық коронавирус инфекциясы жағдайының алдын алдық», - деді А. Цой.


Соңғы жаңалықтар