Қазақстанда 986,5 мың адамның табысы кедейлік шегінен төмен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың соңында Қазақстанда 986,5 мың адамның табысы кедейлік шегінен төмен болған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылдың IV тоқсанында елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни кедейлік шегінен де төмен халық саны 986 587 адамды құрады. Бұл жалпы халық санының 5%.

Кедейлік деңгейі жоғары өңірлер (бағалау деректері):

- Түркістан (8,5%) облысы,

- Маңғыстау (8,1%) облысы.

Кедейлік деңгейі төмен өңірлер:

- Астана қаласы (2,1%),

- Ұлытау облысы (2,2%)

«Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9% құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық жоғары», - делінген статистика мәліметінде.

Айта кетейік, 2022 жылғы IV тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы айына 45 623 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар