Қазақстанда 979 бала коронавирустан ем алуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 979 бала ем алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 008 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 979 бала бар. Стационарларда 3 630 науқас жатыр. 10 378 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 41 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар