Қазақстанда 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 89 005 адамды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 89 005 адамды құрайды. Оның ішінде 49 584 әйелдер (55,7%), сондай-ақ 9 521-і басшылық лауазымдардағы әйелдер (еліміздегі басшылық лауазымның 40%-ы) құрайды. Мемлекеттік қызмет саласының заңнамасын үнемі жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, кадр ауысымдылығын штаттық құрамның 6%-ға дейін төмендетуге септігін тигізді», - делінген Агенттік хабарламасында.

Мансаптық ілгерілеуді 8 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілер алып, бұл өткізілген барлық конкурстың (13 758) қорытындысы бойынша тағайындалғандар санының 60%-н құрады.

Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, шетелдік білімі бар мемлекеттік қызмекерлер үлесі 15%-ға өсті (2018 жылы 2423-ден 2019 жылы 2790-ға дейін).

Жалпы алғанда, 91,9% қызметкердің жоғары білімі бар. Қалған 8,1%-да орта және ортадан кейінгі кәсіптік білімі бар және олар аудандық және ауылдық деңгейлерде ұсынылған.

Мемлекетті қызметшілердің басым бөлігінің экономика және бизнес, құқық, техникалық және технологиялық, білім беру салаларында жоғары білімдері бар.

Айта кетсек, бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.


Соңғы жаңалықтар