+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қазақстанда 9 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 4 наурыз 19:32
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 9 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 9 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қайтадан аяз түседі Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады 16 сәуір күнгі ауа райы болжамы

5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда ертең боран соғады. Оңтүстік-батыстан тұрған желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

5 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

5 наурызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскеменде ертең боран соғады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде ертең бұрқасын соғады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ертең түнде және таңтертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

5 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

5 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

5 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

5 наурызда Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Атырау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT