+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда 9 баллдық жер сілкінісіне шыдамды жатақханалар үлгісі әзірленді

2021 жылғы 7 қазан 12:57
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 9 баллдық жер сілкінісіне шыдамды жатақханалар үлгісі әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 9 баллдық жер сілкінісіне шыдамды жатақханалардың үлгісі әзірленді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілді Елордада Ұлттық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті Қостанайда құрылыс жұмысын ұзаққа созған ЖШС директоры үш жылға сотталды

«Осы жылғы 15 шілдеде, 10 қыркүйекте Үкіметтегі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындауға қатысты селекторлық кеңес қорытындысы бойынша барлық әкімдіктерге студенттік жатақханалар салу үшін жер учаскелерін бөлу жөнінде нақты іс-шаралар қабылдау тапсырылды. Бүгінгі таңда өңір әкімдіктері жатақханалар құрылысына 110 жер телімін (Ақтөбе облысы - 5, Ақмола облысы - 4, Алматы облысы - 4, Атырау облысы - 2, Шығыс Қазақстан облысы - 8, Жамбыл облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 3, Қарағанды облысы - 2, Қостанай облысы - 4, Қазалорда облысы - 8, Маңғыстау облысы - 4, Павлодар облысы - 3, Солтүстік Қазақстан облысы - 5, Түркістан облысы - 6, Нұр-Сұлтан қаласы - 15, Алматы қаласы - 23, Шымкент қаласы - 10), оның ішінде педагогикалық университеттерге төрт жер телімін бөлді», - делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Оның дерегінше, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сейсмикалық белсенділігі 9 балл болатын аудандарға арнап 500 орындық 9 қабатты студенттік жатақханалардың және 244 орындық 9 қабатты жатақханалардың құрылысы бойынша үлгілік жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеген.

«Мемлекеттік тапсырыс аясында пайдалануға берілген жатақханалар сапалы салынған және студенттердің тұруы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Мысалы, Халықаралық Тараз инновациялық институтының 384 орындық жатақханасы, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-дің 370 орындық жатақханасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері үшін салынған 350 орындық жатақхана және тағы басқалары бар», - деді вице-премьер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT