Қазақстанда 9 492 972 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
2022 жылғы 16 мамыр 10:23

Қазақстанда 9 492 972 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 15 мамырдағы мәлімет бойынша, 9 492 972 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 262 898 адам салдырды.

«Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 115 044 адам, ІІ-ші дозасын 982 204 адам салдырды.

Оның ішінде:

І-ші компонентін 838 886 жасөспірім, 39 048 жүкті әйел, 138 937 бала емізетін әйел салдырды

ІІ-ші компонентін 779 750 жасөспірім, 34 590 жүкті әйел, 126 139 бала емізетін әйел салдырды.


Jańalyqtar

MURAǴAT