Қазақстанда 9 485 851 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 мамырдағы дерек бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 485 851, ІІ компонентін 9 246 600 адам салдырды. Бұл туралы ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал, «Pfizer» вакцинасының бірінші дозасы 1 075 168, екінші дозасы 926 933 адамға егілді. Оның ішінде: бірінші компоненті 827 355 жасөспірімге, 38 398 жүкті және 136 755 бала емізетін әйелге салынған. Екінші компонентімен егілген жасөспірім – 756 355, жүкті әйел – 33 311, бала емізетін ана – 121 250.

Соңғы жаңалықтар