Қазақстанда 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші жартыжылдықта 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші жартыжылдықта әлеуметтік желілерде деструктивті топтарда тіркелген 84 мыңнан астам отандасымызды осы топтардан шығарып алдық. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сол топтарға біліп немесе білмей байқаусызда кетіп қалған азаматтарымыз бар. Сол жұмыс нәтижесінде осындай көрсеткішге қол жеткізіп отырмыз», - деді Е. Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасының айтуынша, жылдан-жылға елімізде деструктивті материалдар саны да артып келеді.

«Биыл діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын 80 мыңнан астам материалды жойып, 300-ден астамын материалды бұғаттадық. Дегенмен бұл мәселені тек шектеумен шеше алмайтынымыз анық. Ол үшін медиа саласында жұмыс істейтін сапалы мамандарды даярлап жатырмыз, «SMART MEDIA» жобасы арқылы бүгінде 300-ден астам маман медиабіліктілігін арттыруда. Өзіміз де қосымша ақпараттар жариялап отырмыз. Былтыр осы кезеңге дейін 26 мың материал жарияласақ, биыл – 62 мыңнан астам материал жарияладық», - деді спикер.

Соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша, халықтың 87,6%-ы дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдаған.


Соңғы жаңалықтар