Қазақстанда 8 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 8 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де ҚР Ұлттық музейі «ArtMastersLondon» өнер мектебімен бірлесіп, аутистикалық спектрінде ауытқу бар (сал ауруы) және церебральды сал ауруы туған балаларға арналған «AYALA» инклюзивті білім беру жобасын бастайды.

Сағат 16.00-де «Rixos President Astana Hotel» қонақүйінде туризм саласындағы Ұлттық сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Шараның ұйымдастырушысы - «KazakhTourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте «Біздің өміріміздің эко-клубы» экологиялық клубтарының арасындағы байқаудың ақтық кезеңі өтеді. Байқау қорытындысының бағдарламасында экоклубтардың көрмесі, олардың таныстырылымы, экологиялық тақырыпта қойылымдар болады.

Сағат 13.00-де Халық Аренада шорт-тректан Әлем кубогінің кезеңі басталады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 09.00-де «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Shymkent Development 2018» халықаралық инвестициялық форумы басталады. Форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, ірі корпорациялар мен қаржы институттарының басшылары қатысады деп күтілуде.

КӨКШЕТАУ

Сағат 09.00-де «Тәуелсіздік» алаңында Көкшетау қаласы мен жақын аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде ет және көкөніс өнімдерінің көптеген түрлері нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар