Қазақстанда 8 шілдеде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 8 шілдеде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АЛМАТЫ

Сағат 05:00-де Шымбұлақта «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жыл сайынғы Нұрсұлтан шыңына бұқаралы түрде өрмелеу шарасы өткізіледі. Шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.

Сағат 09:00-де Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған бұқаралық велошеру ұйымдастырылады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Петропавлда қала күні тойлануда.

Сағат 11:00-де Орталық алаңда тетарландырылған қойылым қойылады. Дәл сол жерде Петропавл туралы авторлық әндер орындалып, бишілік ретрофестиваль басталады.

Сағат 11:00-де Тұңғыш Президент бағында спорттық ойындар басталады.

Сағат 12:00-де «тірі мүсіндер» фестивалі өтеді.

Сағат 15:00-де «Солтүстік жұлдыз» саябағында бояулар фестивалі ұйымдастырылады.

Сағат 19:00-де мерекелік бағдарлама басталып, ол шара 23:00-де отшашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар