Қазақстанда 794 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 29 қазандағы мәлімет бойынша, 794 адам коронавирус инфекциясынан (–653+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Айта кетейік, өткен тәулікте елде 45 адам коронавирус жұқтырып, 8 адам аурудан айығып шықты.

Сондай-ақ бүгінгі 10 842 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 215 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандарн саны – 5 604 887.


Соңғы жаңалықтар