Қазақстанда 75 жаңартылатын энергия көзі бар – Azernews

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстанда 75 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуаты 683,6 МВт қамтиды, деп жазады Azernews.

«Қазақстандағы жаңартылатын энергия өндірісінің ең үлкен көлемі Жамбыл облысында. Мұнда 11 жаңартылатын энергия көздерінің бесеуі судан, үшеуі күннен, үшеуі желден энергия алады. Екінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда жаңартылатын энергияның жалпы көлемі 163,43 МВт. Алматы облысында 26 жаңартылатын энергия көзі барына қарамастан, облыс энергия көлемі бойынша артта тұр. Үшінші орындағы Қарағанды облысында төрт объектінің екеуі күннен, біреуі судан, біреуі биогаздан энергия алады», - деп жазады басылым.

Автор Қостанай облысы биогаздан энергия өндіретін жалғыз өңір екенін айтады.

«Нұр-Сұлтан қаласында екі жаңартылатын энергия көзі бар. Шымкентте біреу. Биыл Қазақстан 17 жаңартылатын энерия көзін ашуды жоспарлап отыр, бүгінгі күнге дейін оның жетеуі іске қосылған»,- деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар