Қазақстанда 72 мың кәсіпкер жеке табыс салығынан босатылады
«Төртіншіден Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрлд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның шіінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында.
Үкімет басшысының орынбасары кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтардың бірқатар түріне жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.
«Олар - шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін, оның ішінде сауда-ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелер, жеке мүлік төленетін салықтар да, салық бойынша қарыздарын төлеуді уақытша тоқтату. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкерді жылдың аяғына дейін 10 пайыздық жеке табыс салығынан босату көзделген. Бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалады», - деді ол.