Қазақстанда 7 мыңнан астам шетелдік көлік халықаралық жүктерді заңсыз тасымалдаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Жыл басынан бері елімізде 7 мыңнан астам шетелдік көлік халықаралық жүктерді заңсыз тасымалдаған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингінде ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы басшысы Қуаныш Ермұханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап көліктік бақылау бекеттерінде 72 510 шетелдік көлік құралы тексерілді, оның ішінде 7410 көлікке сыртқы шекарада ескертпе қағаздары берілген. Яғни, бұл ескерту хабарламалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына кірген кезде шетелдік жүк көліктерінің біздің заңнамамызды бұзғандығының дәлелі», - деді Қуаныш Ермұханов.
Оның айтуынша, ЕЭО шеңберіндегі келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, шетелдік тасымалдаушыға ескертпе қағазы берілсе, ол міндетті түрде жақын жерде орналасқан кедендік бақылау бекетінде алған ескертпесін орындайтынын құжат арқылы дәлелдеуі керек. Тек сол кезде ғана инспекторлар оған бір айға рұқсат береді.
Сонымен қатар, спикер үстіміздегі жылдың 15 қарашасынан бастап Көлік комитеті ішкі мүдделерді қорғау мақсатында көліктік бақылауға бағытталған акция жарияланғанын атап өтті.
«Осы акция аясында шетелдік автокөліктерге қатысты бақылау және алдын алу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні заңбұзушылық фактілері анықталып жатыр. Науқан қорытындысы бойынша тиісті шаралар әзірленіп, қабылданатын болады», - деді Қуаныш Ермұханов.
- Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды
- Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды
- Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
- Бокстан конфедерация кубогы: Түркістан облысы финалға шықты
-
Қазақстанның әуе компаниялары 10 айда 7,1 млн жолаушы тасымалдаған
-
БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам