Қазақстанда 7 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техникалық реттеу мен сапа инфрақұрылымы бағытында 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы жағдай бойынша Қазақстанның 7 146 кәсіпорны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес, менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттады.

Атап айтқанда, 2013 жылдан бері осындай кәсіпорындардың саны 800-ге артқан. Ал менеджмент жүйесін енгізген экспортқа негізделген кәсіпорындар 230-ға жетті.

Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың басым бөлігі ірі облыстар мен қалаларда орналасқан.

Мысалы, Алматыда бұндай кәсіпорындар 1 353 немесе жалпы көлемнен 19 пайызды қамтып отыр. Қарағанды облысында - 665, Астанада -753, ОҚО-да -600, Жамбыл облысында - 529, Ақтөбе облысында - 432, Маңғыстау облысында 380 осындай кәсіпорын бар.

Белсенді бизнес субъектілерінің жалпы санында, яғни 229 999 кәсіпорынның ішінде менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттағандар 7 146-ға жетті немесе 3,1 пайызын қамтып отыр. Ірі бизнес субъектілерінің жалпы саны 2 173 болса, оның арасында менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттағандары 578-ді (26,6 пайызы) құрады. Орта бизнесте бұл көрсеткіш 17,9 пайыз, ал шағын бизнесте 2,1 пайыз деңгейінде.

Соңғы жаңалықтар