+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қазақстанда 7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді

2021 жылғы 18 сәуір 15:49
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда да Жеңіс күніне арналған шеру болмайды. Ал Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қарулы Күштерде жеке құрамның 80 пайызы екпе алды Ақтауда Жеңіс күні қалай тойлануда Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысынан 40 жас әскерге аттанды

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мерекеге орай қалалар мен өңірлерде шағын шерулер ұйымдастырыла ма деген сұраққа жауап берді.

«Әрине, Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Яғни, іс-шаралар негізінен онлайн форматта өтеді. Оған қоса біздің «Жас сарбаз» қозғалысы бірқатар шаралар жоспарлап отыр. Жас патриоттар да Қарулы Күштердің ардагерлерін құттықтайды. Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайы (қызыл, сары, жасыл аймақтар) мүмкіндік берсе, тиісті салтанатты жиналыстар өткізіліп, ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылады, онда қызмет ету тәжірибесі туралы айтады. Негізгі ұйымдастырылатын іс-шаралар осы», - деді Виталий Адамович ведомствоның онлайн-брифингінде.


Спикер мерекелік іс-шаралар әлеуметтік желілерден көрсетіле ме және оларды қазақстандықтар көре ала ма деген сұраққа да жауап берді.

«7 мамыр және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – барлық қазақстандықтар үшін айтулы күндер. Әрине, біз республикалық телеарналарда да, Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында да, «Жас сарбаз» қозғалысының Youtube-арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде бірқатар көрсетілім жоспарладық. Біз Қарулы Күштердің ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету үшін өткізілетін барлық шараларды көрсетуге тырысамыз», - деп атап өтті В. Адамович.

Сонымен бірге, қазақстандықтар 7 мамырда сағат 15.30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетілетін мерекелік бағдарламаны тамашалай алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT