Қазақстанда 600-ге жуық әкім ауысты - Орталық сайлау комиссиясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы өткен жылғы ауыл әкімдерін сайлаудың қорытындысын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия төрағысының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, былтыр комиссиясы ауыл әкімдерін сайлау науқандарын жіті бақылады. Жалпы, өткен жылы аумақтық комиссиялар 570 әкімнің сайлауын ұйымдастырды.null

«2018 жылы Қазақстанда барлығы 2 429 сайланбалы әкім болды. Демек, солардың төрттен біріне (23%) жуығы қайта сайланды. Әкімдердің өкілеттіліктерін тапсырудың негізгі себептері - өз өтінішімен жұмыстан кету (254 адам), басқа қызметке тағайындау (137 адам), өкілеттіліктердің аяқталуы (98 адам) және тағы басқа», - деді К.Петров комиссиияның кеңейтілген отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр сайлау заңнамасын жетілдіруге қатысты біраз шаралар атқарылған. Соның нәтижесінде мәслиxаттардың пропорционалды сайлау жүйесі енгізіліп отыр. Саяси партиялардың аймақтардағы рөлі күшейеді. Бұдан бөлек, сайлаушылардың тізімдері мен мәліметтері жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының негізінде қалыптастыру жұмысы қолға алынды.

Аталған шара сайлаушылардың тізімін кеңейтуге жол ашады, Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслиxат депутаттарын сайлау бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын кедергісіз іске асыруына мүмкіндік береді.

Сайлауалды пікірталастарды өткізу құқығы аймақтық сайлау комиссияларына берілген. Осылайша, мәслиxат депутаттығына үміткерлер жергілікті деңгейде өз сайлауалды тұғырнамалары бойынша пікірсайыстар өткізе алады.

«Ал сайлау комиссиялары құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы керек. Комиссия құрамына жақын туыстардың кіруіне шектеу енгізілді», - деп атап көрсетті К.Петров.

null

Соңғы жаңалықтар