Қазақстанда 6 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 6 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар туралы шолуды ұсынады.

Сағат 9:00-де Назарбаев Университетінде «Ұлы Жібек жолының бейнесі» атты шығармашылық көрме мен кинофестиваль өтеді.

Сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады.

Сағат 10:00-де Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны өтеді.

Сағат 10:00-де Қазақстанның барлық  (17) өңірінің және Литваның командаларының қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарыстың салтанатты ашылуы басталады.

Сағат 10:50-де Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстандық қоғамды жаңғырту процесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 15:00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы басталады.

Сағат 15:50-де Мемлекеттік кірістер комитетінде «Жеңіл автокөліктер бойынша кеден заңнамасының талаптары» тақырыбында брифинг өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Халықты аймақтың мемлекеттік даму бағдарламасына жұмылдыру құралы ретінде рөл атқаратын экономикалық бірлестіктер» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.

Соңғы жаңалықтар