Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызында артық салмақ бар
2022 жылғы 3 наурыз 13:27

Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызында артық салмақ бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 6-9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызында артық салмақ бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы бүгін «Қазақстандағы балалар семіздігінің таралуын зерттеу» конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

«Бүгінде балалар семіздігі – әлемнің көптеген елдерімен бірге Қазақстанды да мазалап отыр. Еліміз осы өзекті мәселені назардан тыс қалдырған жоқ.

Жалпы адам денсаулығы тек 10 пайызға медицина жүйесінің сапасына байланысты, ал қалған 90 пайызы қоршаған ортаға, өмір салтына, ішкен асқа тікелей қатысты. Республика аумағында балалар семіздігіне орай зерттеу жүргізілген. Соның нәтижесінде, 6-9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызынан артық салмақ анықталды. Оның ішінде қыздарға қарағанда ұлдардың үлесі басым», - деді ол.

Марат Шорановтың айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар арасында семіздікке шалдыққандар үлесі 6,5%-ды құрап отыр.

«Семіздік қалада тұратын балаларда, ауылдағыларға қарағанда көбірек тіркелген. Министрлік балалар семіздігінің алдын алу үшін бірқатар шараны іске асыруда. Атап айтқанда, балалар тұтынатын тауарлардағы майлылықты азайту, құрамын өзгерту және оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету үшін мектептегі асханалар мәзірін тексеру жұмыстары жүргізілді», - деді министрдің бірінші орынбасары.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT