Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды
2018 жылғы 12 қыркүйек 12:41

Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6546,8 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруалышығы министрлігінің мәліметінше, елдегі дихандар 5 120,1 мың гектар астық жинаған. Бұл өңірлердегі жалпы астық жиналатын аумақтың 34,1 пайызын құрайды. Орташа астық өнімділігі бір гектардан 12,8 центнерді құрады.

2017 жылдың осы мерзімінде 11 354,5 мың гектар немесе облыстардағы жалпы астық алқабының 74,2 пайызы бастырылып, 14 326,2 мың тонна астық орылды.

Қазақстанда 2018 жылы 15 005,1 мың гектар алқаптан астық алынуы керек. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 15 300,6 мың гектар болған. Сондай-ақ, биыл егіс науқаны кезінде 15 122,6 мың гектар жерге, ал 2017 жылы 15 377,2 мың гектар алқапқа астық егілген.

Jańalyqtar

MURAǴAT