+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда 5G желісін құруға қатысты қандай жеңілдіктер берілетіні анықталды

2020 жылғы 24 маусым 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 5G желісін құруға қатысты қандай жеңілдіктер берілетіні анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 5G жаңа байланыс түрін құруға қатысты қандай жеңілдіктер берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында Smart Nation жүйесі арқылы 71 623 сәби балабақшаға жолдама алды ШҚО ауылдарына жоғары жылдамдықты интернет тартылады

Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

«5G жаңа байланыс түрін құруға инвестициялар тарту және жасанды интеллектіні дамыту мақсатында радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін 5 жыл мерзіміне 10 есеге дейін төмендету ұсынылады», - деді министр заң жобасы бойынша баяндаған кезде.

Сонымен қатар, жеке тұлғаларға қызметтері мен тауарларын электронды түрде өткізетін шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев 5G жоғары жылдамдықты интернетті енгізу процесіне қатысты түсінік берді.

Осы орайда ол жаңа технологияны дамытуда байланыс операторлары өзінің қаржысын салатынын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT