+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда 56 Нұрсұлтан Назарбаев тұрады

2019 жылғы 1 желтоқсан 19:04
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 56 Нұрсұлтан Назарбаев тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі 41 балаға қойылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді Алматыда мерекелік отшашу болды Тұңғыш Президент күні Қарағанды облысының тұрғындары қоныс тойын тойлады

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы бар. Оның 1 617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады.

Белгілі болғандай, 2019 жылы 41 шақалаққа Нұрсұлтан есімі берілген. 2015 жылы бұл есіммен 205 бүлдіршін аталған. Бірақ соңғы бес жылда Тұңғыш Президенттің аттастары күрт азайған. Бұған шамасы Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді. 2016 жылы туған балалардың 136-сына ғана Нұрсұлтан аты қойылған. 2017 жылы – 104, 2018 жылы – 67. Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Бір қызығы, Қазақстанда Елбасының есімі қыздарға да берілген. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтана есімді қыз бала бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT