Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтату мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің 54 елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің қолданылуының уақытша тоқталу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2020 жылы қараша айында визасыз режимді тоқтата тұру мерзімі 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылған еді.


Соңғы жаңалықтар