Қазақстанда 500-ге жуық кәсіпорын 12,6 мың жұмыскерге жалақысын бермей келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 шілдеге дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмыскердің алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам жалақы қарызы барын анықтады.

Осы кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар