Қазақстанда 500-ден астам британдық компания жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания премьер-министрінің сауда уәкілі, баронесса Николсон Винтерборн екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын нығайту мақсатында Қазақстанда болды, деп жазады Ұлыбритания билігінің ресми сайты.

«Премьер-министрдің сауда уәкілі 28 сәуір күні алтыкүндік сапарға Қазақстанға кетті. Ол Қазақстанның Алматы, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында болады. Бұл баронессаның Қазақстанға алғашқы сапары. Атырау мен Алматы қаласына ол Ұлыбританияның Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы сауда әкілі Джудит Слейтермен бірге барады», - деп жазылған сайтта.

Хабарланғандай, Николсон Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесіп, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы мұнай саласындағы серіктестік туралы форумға қатысады.

«Алматыда баронесса қала әкімімен кездеседі деп жоспарланған. Сонымен қатар ол Алматыда Astana Motors компаниясының Jaguar Land автосалонының ашылуына қатысады. Алматыда сауда уәкілі Британ сауда палатасы мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Ал Қазақстан астанасында ол іскер әйелдермен кездесіп, білім саласындағы екіжақты серіктестікті нығайту мақсатында жауапты шенеуніктермен жүздеседі», - делінген ақпаратта.

«Мен Қазақстанға барғаныма қуаныштымын. Қазақстан Ұлыбитания үшін маңызды серіктестердің бірі. Екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігі жылдам дамып келеді және бұл қарым-қатынас достыққа, сыйластыққа негізделген. Сондай-ақ екі мемлекет арасында жаһандық нарық экономика мен халықаралық жүйе ережелеріне сай келетін сауда еркіндігі жақсы жолға қойылған», - дейді Николсон.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда бес жүзден астам британдық компания жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар