Қазақстанда 50 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 4 сәуірдегі ақпарат бойынша, 45 012 адам коронавирус инфекциясынан (44 601 КВИ+ және 411 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 15 517 пациент стационарда, 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 770 адамның жағдайы ауыр,

• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 130 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар