Қазақстанда 50 млрд тонна пайдалы минералдар бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қарамағындағы ведомствоның алдағы міндеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет алдында шикізат индустриясын ұйымдастыру және оны пайдалану бағдарын қайта ойластыру, табиғи ресурстарды басқару, үздік технологиялардың трансферті мен заңнаманы жетілдіру есебінен өндірісті жаңарту міндеті тұр», - деді Роман Скляр Х халықаралық тау-металлургиялық «Astana Mining & Metallurgy» конгресі кезінде.
null

Оның айтуына қарағанда, ресурстық және энергияны тиімді пайдалану саясатын жалғастыру керек.

«Қатты пайдалы қазбаларды болашақ ұрпаққа қалдыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. Ол үшін энергияны барынша аз пайдалану арқылы пайдалы қазбаларға толыққанды мониториг жүргізу бойынша жаңа технологияларды қолдану керек», - деді министр.
null

Ведомство басшысы сонымен бірге елімізде жинақталған ресурстар туралы сөз қозғады.

«Бүгінгі күні тау-кен кәсіпорындарында пайдалы компоненттері жоғары 50 млрд тонна техногенді минералды жиынтық бар. Оны қайта өңдеуде кәсіпорындар технологияны барынша пайдалануы керек. Қайта өңдеу саласын жігерлендіру мақсатында әлемдік үздік тәжірибелерге сүйене отырып, заңнама жетілдірілді. Қоршаған ортаны қорғау - өнеркәсіптік экономиканы дамытуда маңызды фактор. Ол үшін қазіргі таңда Қазақстанда экономикалық өсім мен жасыл экономиканы ұштастыра білу керек», - деді Роман Скляр.

null

Соңғы жаңалықтар